Руханият

Нұрлан Еспан 10 жыл бойы атақ алмағанын айтты

Мені «атақ береміз» деп 10 жыл алдады.

Белгілі әнші Нұрлан Еспанов «Болған оқиға» подкастында өнердегі еңбегі туралы айтып, 10 жыл бойы атақ ала алмағанын мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Мені «атақ береміз» деп 10 жыл алдады. Маған «Нұреке, сіз неге алмай жүрсіз?»  дейтін еді. Солай табыстайсың ғой. Сенен 25-30 жас кіші балалар атақ алып жатады. Ойланып қаласың сол кезде. Біреу «маған мыналарды тексермейсіз бе?» дейді. Жоқ, атақ алып қойғандарды тексеруге болмайды. Атаққа ұсынған адамдарды тексеру керек.

Өткенде Асхат маған «Әлі күнге дейін «Еңбек сіңірген қайраткер» атағын алмағансыз ба?» деген сұрақ қойды. Сол кезде менің жылағым келіп кетті», – деді әнші.