«ҚазАвтоЖолдың» экс-басқарма төрағасы ұсталды
Сот күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкциялады
«ҚазАвтоЖолдың» экс-басқарма төрағасы ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Мұратұлының ұсталғанын мәлім етті.
Сот күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкциялады.