сенбі, 18 қазан, 2025 16:49

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әскерде қаза тапқан сарбаздың туыстары істі қайта қарауды талап етіп жатыр

Әскерде қаза тапқан сарбаздың туыстары істі қайта қарауды талап етіп жатыр
Анасы баласының өзіне қол жұмсағанына сенбейді.

Астанада басынан оқ тиіп, қаза тапқан сарбаздың ісі қайта қаралып жатыр, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Марқұм анасы баласының өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Бұл іс екі рет сотта қаралғанымен, кінәлілер анықталған жоқ. 21 жастағы Қайсар Сұлтановтың туыстары істі қайта қарап, баласының өлімін мұқият тексеруді талап етті.

Сәуле Тілеубергенованың айтуынша, сарбаздың денесінде сау жер болмаған. Басындағы жарақаттар өте ауыр болған, ал қолы, аяғы мен бетінде көптеген көгерген және сырылған орындар анықталған.

"Қайсар АК-74 автоматынан атылған оқтан қаза тапты. Бірінші оқта тілі, таңдайы, маңдайы, миы мен бас сүйегі зақымдалған. Алты минуттан кейін екінші рет оқ атылған. Яғни, екі рет оқ атылған. Денесінде көптеген жарақат болды. Тізесінде, қолдарында, көзі маңайында сырылған іздер болған", – деді марқұмның анасы.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар