Сарапшы: базалық мөлшерлеме қарашада 20 пайыз болуы мүмкін
Экономист Максим Барышев қараша айында базалық мөлшерлеме тағы да өсіп, 18%-дан 20%-ға дейін жетеді деп болжап отыр.
Ұлттық банк 10 қазанда күтпеген шешім қабылдап, базалық мөлшерлемені 1,5 пайыздық тармаққа көтеріп, 18%-ға жеткізген болатын. «Учет» компаниялар тобының негізін қалаушысы Максим Барышев «Қазірден бастап 20% мөлшерлемеге дайындалған жөн», – дейді экономист Максим Барышев Digital bussiness порталына берген сұқбатында.
"Ең алдымен зардап шегетіндер – ДАМУ қорының қолдауынсыз, банктің стандартты шарттарымен несие алатын кәсіпкерлер. Бұл – ең алдымен сауда саласындағы компаниялар, өндіріс және логистика. Ал ірі капитал иелері мен экспорттаушылар әзірге шыдас береді, бірақ олар да инвестициялық жобаларын уақытша тоқтатуға мәжбүр болады. Осылайша капиталға қолжетімділік тұрғысынан теңсіздік пайда болады, және бәрі жеңілдетілген несие бағдарламалары арқылы қаржы алуға тырысады", – деді ол.