Әлеумет

Процедурадан кейін астаналық бойжеткен комаға түскен

Оқиға жекеменшік клиникалардың бірінде болған.

Астанада медициналық қызметті тиісінше көрсетпеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті хабарлады, деп жазады Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Қостанай қаласының тұрғыны елордадағы жекеменшік клиникалардың бірінде косметологиялық процедурадан өткеннен кейін болған. Аталған медициналық араласудан кейін бойжеткен комаға түсіп, 2025 жылдың сәуір айынан бері ес-түссіз жатыр.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті осы жағдайға байланысты тәуелсіз сараптамалық комиссия тағайындалғанын, ол пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген ықтимал зиянды анықтайтынын растаған.