Әлеумет

Алматыда жігітті соққыға жыққан күдікті ұсталды

Тергеу жалғасып жатыр

Естеріңізде болса, кеше әлеуметтік желіде қазақ жігітін ұрып жатқан бейнежазба тараған еді.

Алматыда жігітті соққыға жыққан күдікті ұсталған. 

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен бірге  видеоға түсіріп тұрған екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу әлі жалғасып жатыр.