"Өз қателігімді толық түсіндім": есту қабілетінде ақауы бар жүргізушіні мазақтаған блогер кешірім сұрады
"Мен бұл жағдайдан сабақ алдым".
Нұрила Аманбаева есімді блогер есту қабілетінде ақауы бар такси жүргізушісін мазақтап, видео түсірген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Желі қолданушыларының сын-ескертпелерінен кейін блогер видеоны өшіріп, жүргізушіден және көпшілктен кешірім сұрады.
Айта кетейік, бейнежазбада ол кішкентай баласына «саған шулауға мүмкіндік бар» деп айтып, өзі ән шырқап, кейін жүргізушіні рұқсатсыз камераға түсірген. Видеоға «Құлағы нашар еститін таксиге отырғанда» деген жазба қалдырған. Көпшілік блогердің аталған әрекетін мүгедектігі бар адамды кемсіту деп бағалап, сынға алды.