сәрсенбі, 15 қазан, 2025 20:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Айжұлдыз Адайбекова перзентханадан шықты

Айжұлдыз Адайбекова перзентханадан шықты
Фото: instagram.com/aizhuldyz.adaibekova
Танымал әнші Жанар Айжанова қызы Айжұлдызды перзентханадан алып шықты.

Блогер отбасы Айжұлдыз бен жары Сәкен Қағаров ұлдарына Санат деп ат қойды. Сәбиді перзентханадан екі жақтың ата-анасы алып шықты.  

"10.10.2025. Қағаров Санат Сәкенұлы. Отбасымызға қош келдің", – деп жазды Айжұлдыз жеке парақшасында. 

Эстрада жұлдызы, әнші Жанар Айжанова да бұл қуанышты көп күткенін жасырмады.

"Санат батырдың отбасы осындай. Көптен күткен Таусоғарды алып шықтық. Шүкір", – деп жазды әнші. 

Еске салайық, Жанар Айжанова да күйеу баласының шашы үшін жиі сынға қалатынын жасырмаған еді. 

“Сәкеннің шашын көріп, халық “Дударбас” деп мазақтайды. Әңгіме қылып, күледі. Маған соның шашының бұйралығы ұнайды. Айжұлдыз бейсаналы түрде осы жігітті өзінің жағына ұқсатып таңдаған. Менің енемнің шашы саусақ кірмейтін тасбұйра болды. Қайынсіңлілерімнің де шашы сондай. Назар аумаған – Айжұлдыздың әкесі. Назар жасқа толғанда 90 жастағы енем келіп, “Өлгенім тірілгендей күйде отырмын. Адайбектің көшірмесі екен” деді. Қан тартып, жібермейді екен”, – деді өнер иесі. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар