Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз шетел азаматы қаза тапты
Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушысы - барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары - оқиға орнында қаза тапты.
3 сәуірде Самара-Шымкент автожолында Маржанбұлақ ауылының маңында Volvo жүк көлігі мен Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруындағы Toyota-Аlhpard минивенінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлады Massaget.kz сайты
Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылған және соның салдарынан жүргізуші көлікті бақылай алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Полиция департаменті жүргізушілерге көліктің жай-күйін бақылауда ұстауды, жол ережелерін қатаң сақтауды ескертті.