Трамп 17 қазанда Зеленскиймен кездесетінін растады
Трамп 17 қазанда Зеленскиймен кездесетінін растады
АҚШ президенті Дональд Трамп 17 қазанда Украина президенті Владимир Зеленскийді Ақ үйде қабылдауға ниетті екенін растады. Бұл туралы ол Шарм-эш-Шейхтен Вашингтонға барар жолда журналистермен әңгіме барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіе сілтеме жасап.
Алайда ол Украинаға америкалық Tomahawk зымырандарын жеткізу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бермей, бұл мәселені түсіндіруге келгенде үнсіз қалды.
Бұған дейін Financial Times газетінің журналисі Кристофер Миллер әлеуметтік желідегі жазбасында 17 қазанда Вашингтонда Трамп пен Зеленскийдің кездесуі жоспарланғанын үш дереккөз растағанын хабарлаған болатын.
Сондай-ақ, Миллердің мәліметінше, өткен демалыс күндері Трамп пен Зеленский телефон арқылы сөйлесіп, Tomahawk зымырандарын Украинаға беру мәселесін талқылаған.
Осы аптада Вашингтонда украин делегациясы америкалық әріптестерімен бірқатар келіссөздер өткізеді деп күтілуде.