Қоғам

Бишімбаев сотында бейнекадрлар көрсетілді

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот жалғасып жатыр. Бүгін сот отырысында Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы ұрып-соққаны жазылған бейнекадр көрсетілді.

Видеода Бишімбаев Салтанатты  ұрып, теуіп жатқаны  байқалады. Алайда  күдіктінің  адвокаттары Бишімбаев  әйелін шапалақпен ұрғанын,  ал Салтанат  басын  өзі соғып алғанын алға тартуда.