дүйсенбі, 13 қазан, 2025 13:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Абай облысында 76 жастағы әжей Еңбек министрлігін сотқа берді

Абай облысында 76 жастағы әжей Еңбек министрлігін сотқа берді
Фото: istockphoto.com
Ол 56 теңге жалақымен зейнетке шыққан.

Абай облысының соты 76 жастағы әжейдің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитетіне қатысты арызын қарап, оның зейнетақысын көбейтіп берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Azattyq Rýhy. сайтына сілтеме жасап.

Сот материалдарына сенсек, әжей зейнетке шығарда еңбек өтілінің бәрін қосып, құжат тапсырған. Уәкілетті орган зейнеткер 1993 жылдың 1 тамызы мен 1994 жылдың 31 шілдесі аралығында небары 56,76 теңге жалақы алды деп есептеген. Алайда, әжей осы аралықта Орталық қалалық ауруханадан бөлек, жеке фирмада жұмыс істеп, айына 1 мың теңге жалақы алған екен.

«Даудың туындауына 2003 жылғы 1 маусымнан бастап зейнетақыны қайта есептеу себеп болды. Бұл есептеу 2003 жылғы №564 Үкімет қаулысына сәйкес жүргізілуі тиіс еді, оған сәйкес орташа айлық табысты есептеудің екі нұсқасының бірін таңдау мүмкіндігі берілген. Уәкілетті орган зейнеткер үшін тиімсіз нұсқаны – 1997 жылғы 6 мың теңге табыс негізінде есептеуді таңдаған. Ал екінші нұсқа – 1993 жылғы 1 тамыз бен 1994 жылғы 31 шілде аралығындағы кезеңдегі табыс негізінде есептеу – тіпті де тиімсіз болып көрінген, себебі бұл кезеңдегі ресми табыс небәрі 56,76 теңге болған», - деп хабарлайды Абай соттары.

Алайда, әжей бұл кезеңде Орталық қалалық ауруханада ғана емес, жеке фирмада қосымша жұмыс істегенін растады, айлығы 1 мың теңге болған.

«Осыған қарамастан, 1994 жылы зейнетақы алғаш рет тағайындалғанда бұл табыс ескерілмеген. Бұл зейнетақы мөлшерінің қате және төмен тағайындалуына, кейін 2003 жылы тиімсіз қайта есептеуге әкеліп соққан. Сот зейнеткердің құқығын қорғап, оған 56,76 теңге жалақы емес, 1 мың теңге жалақымен зейнетақы тағайындап берді», - деп хабарлайды сот.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар