Qazaq Air ұшағында болған апатты жағдайға байланысты тексеріс басталды
Бұл жұмысты министрліктің Көліктегі оқиғаларды тергеу департаменті жүргізеді.
Qazaq Air ұшағында болған апатты жағдайға қатысты Көлік министрлігінде арнайы жұмыс тобы құрылып, тергеу басталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
"Қостанай-Астана бағыты бойынша Qazaq Air әуе компаниясының рейсінде болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру үшін саладағы ережелерге сәйкес арнайы комиссия құрылады. Бұл жұмысты министрліктің Көліктегі оқиғаларды тергеу департаменті жүргізеді", - делінген хабарламада.