Қоғам

Бишімбаев сотында Байжанов өзіне қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеді

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сотта тағы бір сотталушы Бақытжан Байжанов өзіне қысым жасалып жатқанын айтты.

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сотта тағы бір сотталушы Бақытжан Байжанов өзіне қысым жасалып жатқанын айтты. 

Байжановтың адвокаты сотталушылар Бишімбаев пен Байжановтың бөлек отыруын сұрады.

“Бишімбаевтың Байжановпен байланысу мүмкіндігі болмас үшін. Байжанов қысым көріп жатырмын деп есептейді”, – дейді қорғаушысы.

Адвокатының сөзін Байжанов та растады.

“Иә, ол маған түрлі қысым көрсетеді: "Мынаны былай айт немесе былай айт" деп”, – дейді ол.

Судья Айжан Құлбаеваның “айғақ беруге қатысты ма?” деген сұрағына Байжанов “Иә” деп жауап берді.

Судья бұл мәселені шешуге тырысатынын жеткізді.

Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталып отырған Бишімбаев бұған қатысты пікірін білдірді.

“Байжанов пен оның отбасына осы іске қатысы жоқ құжаттарды маған қайтаруын қалаймын. Бар болғаны осы”, – деді ол.