Темірлан Анарбеков жарақатынан айығып, жаттығуға кірісті
Ол топқа қосылып, қарқынды ойындарға дайындалып жатыр.
"Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков үзілістен кейін қайтадан негізгі командамен бірге жаттығуға кірісті. Футболшы жалпы топқа қосылып, командамен бірге қазандағы қарқынды ойындарға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұл айда алматылықтарды үш маңызды матч күтіп тұр:
• 17 қазан – сырт алаңдағы “Қызылжарға” қарсы ойын;
• 21 қазан – Чемпиондар лигасы аясында кипрлік “Пафоспен” өз алаңындағы кездесу;
• 26 қазан – өз алаңында “Астанамен” матч.
Еске салайық, “Қайрат” пен “Ақтөбе” арасындағы ойында қақпашы Темірлан Анарбеков 10-минутта жарақат алып, ауыстырылған болатын. Допқа талас кезінде ойыншының жақ сүйегі сынған болатын.