
2018-2020 жылдар аралығында ол коммерциялық кәсіпорын директоры бола тұра, корпоративтік табыс және қосылған құн салығын төлеуден жалтарып, мемлекетке 293 млн теңгеден астам залал келтірген.
Қылмысты жасағаннан кейін күдікті жасырынып, бір жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздестірілуде болды.
“Биыл қыркүйек айында ол Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша құқық қорғау органдарына берілді”, – делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Жасалған қылмыстары үшін оған мүлкі тәркілене отырып, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Биыл Біріккен Араб Әмірліктерінен 9 іздестіріліп жүрген тұлға экстрадицияланды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Президент Душанбедегі Ұлттар сарайына барды
Ұқсас жаңалықтар
Президент Газа секторындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді қолдайды
- авторОймақ
- 9 қазан, 2025