Қарағандыда әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды
күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қарағандыда мектеп маңынан табылған әйелдің өліміне қатысты күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
«Қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін 36 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, қылмыс 28 қыркүйекте жасалған, алайда полиция бұл туралы ресми ақпаратты 8 қазанда ғана таратқан.
Құқық қорғау органдары басқа мәлімет бермей отыр. Олар ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына, яғни «сотқа дейінгі тергеу деректерін жария етуге жол берілмейтіні» туралы норманы негізге алуда.
Ал қоғам арасында әйелдің қатты соққыға жығылғаны туралы ақпарат тараған.