Айгүл Иманбаева қуанышты жаңалығын бөлісті
Ол жақында немерелі болды.
48 жастағы қазақстандық актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті – ол екінші рет әже атанды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Ол сондай-ақ перзентханадан жаңа туған немересімен түскен алғашқы суретін де көрсетті. Кадрда актриса немересін қолына алып, жылы жымиып тұр.
Айта кетейік, Айгүл Иманбаева былтыр тұрмысқа шыққан болатын. Оның жары он жылдан астам уақыт АҚШ-та өмір сүрген, екеуі сол жақта танысқан.