Әлеумет

Мектептің жанынан әйел адамның мәйіті табылды

Бұл оқиға туралы ресми ақпарат 8 қазанда ғана жарияланды.

Әлеуметтік желілерде Қарағандыдағы №54 мектептің жанынан адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Хабарламаға сәйкес, әйел адамды 28 қыркүйекте өлтірген. Алайда бұл оқиға туралы ресми ақпарат 8 қазанда ғана жарияланды.

Қарағанды облыстық полиция департаменті бұл фактіге қатысты ақпаратты растады. 28 қыркүйекте қаладағы үйлердің бірінің маңынан 46 жастағы қарағандылық әйелдің мәйіті табылған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін 36 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат таратуға жатпайды.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/268861-qaragandyda-mektep-zanynan-aiel-adamnyn-maiiti-tabyldy