Қоғам

Питер Фостер «Air Astana» басшылығынан кететінін айтты

Оның орнына қазіргі қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел бас атқарушы директор қызметіне тағайындалмақ.

«Air Astana» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі Питер Фостер 2026 жылдың наурызының соңында бас атқарушы директор және директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерінен кететінін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Компания мәліметінше, Фостер өз қызметін аяқтағаннан кейін де компаниялар тобымен байланысын сақтап, директорлар кеңесіне аға кеңесші ретінде жұмысын жалғастырады.

Оның орнына қазіргі қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел бас атқарушы директор қызметіне тағайындалмақ. Ол «Air Astana» компаниясында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ал 2017 жылдан бастап компанияның қаржы саласын басқарып келеді.

«Air Astana» директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жақұпов Питер Фостердің компанияны 20 жыл бойы басқарудағы еңбегін ерекше атап өтті:

Айта кетейік, Питер Фостер 2005 жылдан бері «Air Astana»-ны басқарып келеді және оның басшылығымен компания Қазақстанның авиация саласындағы жетекші брендке айналды.