Джей Ло Алматыдағы "шегіртке" оқиғасын айтып берді
Ол мұны The Tonight Show бағдарламасында еске алды.
Әйгілі америкалық әнші Дженнифер Лопес Алматыдағы концерті кезінде болған жағдайды The Tonight Show бағдарламасында еске алды. Әсіресе, концертте үстіне шегірткенің жүргенін күтпегенін сөз етті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Естеріңізде болса, әншінің концерті 10 тамызда Алматының Орталық стадионында өткен болатын. Шоу кезінде ән айтып тұрған Джей Лоның үстіне кенеттен шегіртке секіріп шыққан болатын. Тіпті, әншінің бұл сәтті көрермендер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге кеңінен таралып кеткен.
«Алғашында не болғанын түсінбедім. Денеме бірдеңе қонағандай болды. Жарыққа қонған жәндіктің бірі болар деп ойладым. Бірақ әлгі жәндік ұшып кетпеді. Керісінше, үстімде өрмелеп, мойныма қара келе жатқанын сездім. Әнім орындап бітірейін деген ойда тұрдым. Қолымды сермеп, әлгі жәндікті лақтырып жібердім. Прожектордың жарығынан әлгі жәндіктің тікұшақпен бірдей екенін көріп, шошып кеттім» — деп еске алды әнші.
Бағдарлама барысында Дженнифер Лопес бұл видеосын көріп, күлкіге қарық болды. Олар әншінің сол сәттегі сабырлылығына тәнті болды.
Әншінің айтуынша, тікелей концерттерде күтпеген жағдайлар жиі кездеседі екен. Бірақ ондайға бойы үйренгенін сөз етті.