Әлем

Иранда хиджабты міндетті түрде кию дәуірі аяқталды: Әйелдер еркіндігін атап өтіп жатыр

Иранда ондаған жылдар бойы талқыланып келген хиджабты міндетті түрде кию талабы ресми түрде жойылды. Биліктің бұл шешімі әйелдердің еркіндігін білдіретін тарихи қадам ретінде қабылданып, ел көшелерінде хиджабсыз жүрген ирандық әйелдердің бейнежазбалары әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Иранда ұзақ жылдар бойы пікірталас пен наразылық туғызған хиджабты міндетті түрде кию мәселесінде айтулы өзгеріс болды. Көп жылдар бойғы күрестен кейін билік хиджаб туралы заңға қатысты қатаң шараларды жеңілдетті. 

Осыдан кейін ел көшелерінде және қоғамдық орындарда әйелдердің еркін киім үлгісінде жүруі жиілеп кетті.

Иранның Мақсатқа сәйкестік кеңесінің мүшесі Мохаммадреза Бахонардың мәлімдеуінше, енді хиджабты міндетті түрде кию қажеттілігі жоқ. Оның айтуынша, хиджаб кимеген әйелдерге ешқандай айыппұл, жаза немесе құқықтық шектеу қолданылмайды.

Бұл шешім қабылданғаннан кейін әлеуметтік желілерде хиджабсыз жүрген ирандық әйелдердің видеолары кеңінен тарады. Мұндай кадрлар қоғамда үлкен талқылау тудырып, көпшілік бұл оқиғаны әйелдер еркіндігінің жаңа кезеңі ретінде бағалап отыр.