Қоғам

Ақнәр Гүлістанның өліміне қатысты істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеуде

"Тергеудің басқа деректерін жариялай алмаймын".

Ақнәр Гүлістанның өліміне қатысты істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

КИМЭП түлегі, 22 жастағы Ақнәр Гүлістан 2024 жылдың мамыр айында Алматыдағы көп қабатты үйдің терезесінен құлап, ауыр жарақаттардан көз жұмды. Марқұмның туыстары оның өзіне қол жұмсағанына сенбей, қыздың өліміне бірге оқыған қыздарды айыптады.

Tengrinews.kz мәліметінше, істі қазір Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті тергеп жатыр.

Адвокат Инга Иманбайдың айтуынша, іс бір жылға жуық Алматы қалалық полиция департаментінің өндірісінде болған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті істің ведомство тергеуінде екенін растады.

Алайда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті де, Инга Иманбай да істің Қылмыстық кодекстің қай бабымен тергеліп жатқанын нақтыламаған.