Спорт

Темірлан Анарбековке де грант ұсынды

2026 жылдың қаңтарынан бастап студент болуға мүмкіндігі бар.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек  «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековті 2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақ спорт және туризм академиясының студенті болуға шақырды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Саясат Нұрбек министрлік спортты дамытумен қатар, кәсіби спортшылардың академиялық білім алуына да ерекше мән беретінін, «Қайрат» клубының барлық студент-спортшыларын  қолдайтынын атап өтті.

Министрлік бұған дейін «Қайраттың» тағы бір қақпашысы Шерхан Қалмырзаға академия ректорлық грантын табыс еткен болатын. Ал жас футболшы Дастан Сатпаевқа Алғыс хат берілді.