Қоғам

"Шерханға ақыл-кеңесімді беріп отырам": Самат Смақов жас футболшылар туралы пікірін білдірді

Бір буынды жоғалту — бір сәттің ісі.

«Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақов жас футболшыларға, соның ішінде Шерханға қатысты өз пікірін білдірді.

— Шерханмен аға ретінде сөйлесуге тырысамын. Шынымды айтсам, мен оған баспасөзге сұхбат бермеуді, түрлі бағдарламаларға бармауды ұсындым. Ол әлі жас, — деді Смақов.

Бапкер сондай-ақ Еркебұлан Сейдахметтің жағдайын мысалға келтіріп, қоғамның артық назарынан дарынды ойыншыларға зиян келуі мүмкін екенін ескертті:

— Еркебұлан «Уфаға» ауысқанда, бәрі оны талқылай бастады: «дәретханаға барды, кока-кола сатып алды» деп. Сөйтіп, талант жойылды. Сондықтан қазір ең бастысы — қысым емес, қолдау көрсету. Олар әлі ештеңе ұтқан жоқ, сондықтан асыра мақтаудың қажеті жоқ. Бір буынды жоғалту — бір сәттің ісі, — деді ол.