"Күйеуіммен арамыз суып кетті": Бишімбаев сотындағы прокурор Аймағанова сұхбат берді
Ол бұл туралы Динара Сәтжанмен сұқбаттасқан еді.
Бұрынғы министр, шенеунік, бизнесмен Қуандық Бишімбаевтың сотында мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова журналист Динара Сәтжанға сұхбат беріп, жеке өміріне қатысты ашық пікір білдірді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап..
Бұл жолғы сұхбатын ол журналист Динара Сәтжанға беріп, атышулы соттан кейін танымал болудың өзіне қиын соққанын атап өтті.
«Бұл сұхбатты 1,5 жыл күттім. Осы уақыт ішінде сізді медиа-тұлға деп атауға болады. Танымалдыққа үйрендіңіз бе?» – деп сұрады сұхбат басында Динара Сәтжан.
Аймағанова болса, табиғатынан тұйық жан екенін айтып, көпшіліктің назарында жүру оның отбасына да кері әсер еткенін жасырмады.
Айтуынша, ол танымалдыққа үйренген жоқ, тек көндігуіне тура келген. Егер бастапқыда «осы істен кейін атақты болып кетесің» деп ескерткенде, істі қабылдамағанын да ашық айтты.