Қоғам

Берденовті атқан Жиенбайдың ісі бойынша апелляция соты қашан өтетіні белгілі болды

Екі тарап та сот шешіміне шағым түсірген.

Бұл туралы Шымкент қалалық соты ақпарат таратты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Соттың мәліметінше, екі тарап та сот шешіміне шағым түсірген. Апелляция соты 8 қазан күні сағат 12.00-де Шымкент қалалық сотында өтеді.

28 шілдеде Шымкенттегі сотта әкімнің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша атышулы сот процесі басталып, күдікті Ернар Жиенбай 9 жылға сотталған еді.