сенбі, 23 қараша, 2024 3:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Балаларға арналмаған сандар»: Астанада педофилияға қарсы көрме өтті

«Балаларға арналмаған сандар»: Астанада педофилияға қарсы көрме өтті
фото "Жаңа адамдар" жастар қозғалысы
Балаларға азғындық жасау – Қазақстанның өзекті мәселесінің бірі.

 

Балаларға азғындық жасау –  Қазақстанның өзекті мәселесінің бірі. Соңғы 3 жылдың ішінде елімізде жас балаларға әуейі 2472 қылық көрсетілген. Мұндай ессіздік 3 айлық балаға сексуалды зорлық көрсетуге дейін жетті.

Қорқыныштысы, зорлық көрсетушілер бейтаныс адамдар емес, зорлық құрбаны көзсіз сенетін туған әкесі, бауырлары мен туыстары болуы мүмкін.

Жаңа адамдардың «124» азаматтық компаниясы Елорда да «Балаларға арналмаған сандар» атты балаларға қатысты зорлық-зомбылық оқиғаларының көрмесін ұсынды. Ұйымдастырушылар қорқынышты сандары бар, атап айтқанда, азғындыққа ұшыраған уақыттағы балалардың жасы туралы айтты.

         Көрме барысында Жаңа адамдар астаналықтардың алған әсерін білу үшін әлеуметтік сауалнама жүргізіп отырды. Сауалнамадан өтушілердің барлығы дерлік балаларды өмірдегі басты байлығы дей отырып, Қазақстандағы педофил мәселесінің өзекті болып тұрғанын айтқан болатын. Соның өзінде, егер көшеде бейтаныс үлкен кісі мен кіші бала арасындағы күмәнді жағдайды байқаса, араша түсуге көбінің батылы бармас еді.

          «124» әлеуметтік жобаның лидері Аружан Нигметова: «Балаларды қалай қорғаймыз? Ең алдымен, бейжай қарауды тоқтату керек. Күмәнді ағайдың кішкентай баланы қараңғы бұрышқа алып бара жатқанын көрдіңіз бе? Оларды тоқтатыңыз да, не болып жатқанын сұраңыз. Қабырға артынан баланың көмек сұрап, жалбарынған даусын естідіңіз бе? Жылдам полиция қызметкерлерін шақырыңыз. Неге балаңыз мектепке, бала-бақшаға немесе біреуге қонаққа барудан қашады? Балаңызды онда қинап алып бармастан, неге олай істеп жатқанын анықтаңыз. Өз уайымыңызды көрсетіп баланың жанына жақындап,  бәрінің дұрыс екеніне көз жеткізудің ешқандай әбестігі жоқ. Нағыз қорқынышты және ұят жағдай - балаға жыныстық зорлық-зомбылық жағдайын көре тұра қашу және әрекет етпеу. Балаларды біз қорғамағанда кім қорғайды?», - деді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар