Руханият

Нұрлан Қоянбаев пен белгілі журналист Әділ Балтабаев арасында дау туды

Әлеуметтік желіде белгілі журналист Әділ Балтабаев Нұрлан Қоянбаевты сынап, көпшіліктің ашуын туғызды.

"Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойыны аяқталғаннан кейін, "PRESIDENT" арнайы жобасының жүргізушісі Әділ Балтабаев әлеуметтік желіде жазба жариялаған. Сол жазбасында ол танымал продюсер Нұрлан Қоянбаевтың әзілдерін "орынсыз" деп бағалаған.

Балтабаевтыңсөзінше, блогер Артур Асқарұлы "Қайратты" қолдағаны үшін лайықты мақтауға ие, ал кейбіреулерді Мбаппенің чемоданын талқылап кетті деп сынға алған. Сол сәтте ол Нұрлан Қоянбаевтың әзілдері футболшыларға қатысты бұрыс деп пікір білдірген. 

Балтабаевтың бұл жазбасынан кейін желі қолданушылары оны қатты сынға алды. Ең басты наразылық оның Нұрлан Қоянбаевты тек фамилиясымен атап, құрметсіздік танытуына қатысты болды.

Ал бұған Нұрлан Қоянбаевтың өзі жауап беріп, аты-жөнін дұрыс жазуды сұрады.

Продюсер, бұрынғы жайдарманшы Мәлік Хасенов та өз ойымен бөлісті. Ол Нұрлан Қоянбаевпен 15 жыл бойы бірге ойнағанын, бірақ ешқашан оны тек фамилиясымен атамағанын айтты, өйткені өзі одан 6 жас кіші екен. Сонымен қатар ол бірінші тұлғалардың қасында жүргенде қазақи құрмет кейде ұмытылып кететінін атап өтті. 

Мәлік Хасеновтің сөзінше, Нұрлан Қоянбаевтан артық патриотты ол білмейді.