Саясат

Жұлдыз Сүлейменованың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

Мәжіліс ұсынысты қолдап, қаулы қабылдады.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменованың өкілеттігі ресми түрде тоқтатылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманакумов палатада сөйлеген сөзінде Сүлейменованың Оқу-ағарту министрі болып тағайындалуына байланысты оның депутаттық мандатын мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымды жария етті. Мәжіліс бұл ұсынымды қолдап, тиісті қаулы қабылдады.

Айта кетейік, 29 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалған еді.