Қоғам

Алты қазақстандық әлемнің ең бай адамдарының тізіміне енді

Тізімде Вячеслав Ким, Тимур және Динара Құлыбаевтар, Владимир Ким, Тимур Турлов және Болат Өтемұратовтар бар.

Алты қазақстандық тағы да әлемнің ең бай адамдарының Форбстың  рейтингіне енді. Тізімде Вячеслав Ким, Тимур және Динара Құлыбаевтар, Владимир Ким, Тимур Турлов және Болат Өтемұратовтар бар.

Ең бай қазақстандық азамат – миллиардер Вячеслав Ким,  оның байлығы 5,8 миллиард долларға бағаланады. Әлемдік рейтингте Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы 511-ші орынды иеленді. Кимнің серіктесі Михаил Ломтадзе 5,3 миллиард доллар байлығымен 581-ші орында тұр.

Тимур мен Динара Құлыбаевтар қазір жаһандық рейтингте 612-орында тұр (бір жыл бұрын 636-орын). Ерлі-зайыптылардың жалпы сомасы 10 миллиард долларлық активтері бар.

KAZ Minerals акционері Владимир Ким де 591 орыннан 896-орынға сырғыған. Бір жыл ішінде оның байлығы 4,6 млрд доллардан 3,6 млрд-қа төмендеген. 

Freedom Holding негізін қалаған Тимур Тұрлов та өсім бар: ол өз байлығын 3,1 млрд доллардан 3,3 млрд-қа жеткізген. 

Forte Bank-тың бірлескен меншік иесі Болат Өтемұратов 2,7 миллиард доллар тұрақты байлығымен 1238-орынды иеленді.

Әлемнің ең бай адамдары рейтингінің көшбасшыларына келер болсақ, алғашқы үштікте француздық LVMH сәнді тауарлар өндірушісінің иесі Бернар Арно, америкалық кәсіпкер Илон Маск және Amazon интернет-ритейлерінің негізін қалаушы Джефф Безо тұр.