Руханият

Фариза Төреәлі діни білім алуды көздеп отырғанын айтты

Ол туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Танымал блогер Фариза Төреәлі діни білім алып, болашақта ұстаз атануды көздеп отыр. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Oimaqnews.kz 

Блогердің айтуынша, көптен бері жүрегінде жүрген арман – илаһи ілім алу.

Тұла бойымды қуаныш пен толқу сезімі кернеп барады. Жүрегім ілімге шөлдеп еді, Раббым осы жолды нәсіп етті. Арманым – өзіме ғана емес, өзгелерге де пайда беретін рухани білім алу, – деп жазды ол.

Әнші Төреғали Төрәлінің қарындасы оқуын араб және түрік тілдерінде жалғастырады. Ол алған білімін тек ұстаздықта емес, көптілді маман ретінде де пайдаланғысы келеді.

Алла қалауымен екі өміріме азық болатын білім алып, халқымның да игілігіне қызмет еткім келеді. Алла зейінімізді ашсын, – деді блогер.