Еспанов пен Майғазиевтің ұлы матч билеттерін сатып жатыр
Билеттер әртүрлі бағада
Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов 30 қыркүйекте өтетін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттерін сатып жатыр. Ол өзінің әлеуметтік парақшасында бір билетті 500-600 мың теңгеден сататынын хабарлады, деп жазады Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Қызығы, бұл шақырту билеті болып саналады. Билеттер әртүрлі бағада. Мәселен, қымбат орындары 760-900 мың теңгеге дейін барады.Сонымен қатар, әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы да белгілі қатарлардан билет ұсынып, оны 350 мың теңгеге сататынын жеткізді. Ол 9, 14, 1, 8 қатарлардағы билеттерді сатуға қойған. Бұл әрекет әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды.
«Мына жерде 20 билеттей бар. Сайт істемей қалған, ала алмай қалып едік, мыналар 20 билетті қайдан алып отыр?! Барлығымыздың құқығымыз бірдей емес пе?!», «Кеше Нұрлан Еспанов тегін билет сыйлаймын деп жатыр еді. Елге танымал адамдар халыққа жаны ашымайды, басқадан не күтеміз?!», «Полицияға арыз түсіру керек. 250 мың теңгелік билетті 1 миллионға сатып, пайда көріп жатыр», «Аштық болмасын деңіздер. Аштық болса, мына әртіс-пәртістің баласы көгерген нанды 10 есе бағасына сататын секілді» деп жазған желі қолданушылар.