"Қайрат" пен "Реал" матчынан кейін тегін автобустар жүреді
Бүгін "Қайрат" пен "Реал" кездеседі.
Алматыда «Қайрат» (Алматы) және «Реал Мадрид» (Мадрид) командалары арасындағы футбол матчының жанкүйерлеріне ыңғайлы болу үшін тегін автобустар жүреді, – деп хабарлайды қала әкімдігі.
Қала әкімдігінің дерегінше, тегін автобус маршруттары Орталық стадионнан матч аяқталғаннан кейін негізгі нүктелерге дейін жүреді. Барлығы 60 автобус жолға шығып, 6 нүктеге дейін қатынайды:
Орталық стадион – «Алматы Арена» (тақтайша – А1, жүретін орны – Абай даңғылы батыс бағытта);
Орталық стадион – Райымбек/Алатау (тақтайша – А2, жүретін орны – Абай даңғылы батыс бағытта);
Орталық стадион – «Алматы-1 вокзалы» т/ж (тақтайша – А3, жүретін орны – солтүстік бағыттағы Байтұрсынов көшесі);
Орталық стадион – Орбита ш/а (тақтайша – А4, жүретін орны – оңтүстік бағыттағы Байтұрсынов көшесі);
Орталық стадион –Жұлдыз ш/а (тақтайша – А5, жүретін орны – Шығыс бағыттағы Абай даңғылы);
Орталық стадион – әуежай (тақтайша – А6, жүретін орны – шығыс бағытта Абай даңғылы);
Сонымен қатар қала метросының жұмысы түнгі сағат 01:00-ге дейін ұзартылады. «Байқоңыр» және «М.Әуезов атындағы театр» бекеттерінде матч өткізу кезінде жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау және сапалы қызмет көрсету үшін қызметкерлер саны күшейтіледі.