Атырауда ер адам 8 жастағы қызды өзімен алып кетпек болған
Желіде кішкентай қызды алып кетпек болған ер адамның видеосы тарады. Тұрғындар мұны байқап, лезде әрекет еткен.
Оқиға кешке Атыраудағы Нұрсая Болашақ ықшамауданында болған. Белгісіз ер адам кішкентай қызды алып кетпек болған. Ары-бері өткендер араша түсіп, тәртіп сақшыларын шақырғанымен, күдікті қашып үлгерген.
“Мына ер адамды кішкентай қызды алып кетпек болған жерінен ұстап алдық. Сонда мамасы жоқ екен деп алып кету керек па? “Не үшін алып бара жатырсыз?” десек, “балаға нан беремін” деді. Баланы жұлып алып, үйіне қарай жібердім”, – деді әйел.
Куәгерлердің айтуынша, олар полицияны 30 минуттай күткен. Олар келмеген соң, қыздың анасымен тиісті полиция бөлімшесіне өздері барды.
"1987 жылы туған күдікті ұсталды. Қазір қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.