Қоғам

"Қайрат" пен "Реал": полиция маңызды мәлімдеме жасады

Полиция көпшілікті қоғамдық тәртіпті сақтап, бір-біріне құрмет көрсетуге шақырды.

Алматы қаласы Полиция департаменті «Қайрат – Реал» матчы алдында мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Полиция көпшілікті қоғамдық тәртіпті сақтап, бір-біріне құрмет көрсетуге шақырды. Сонымен қатар матчқа байланысты көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізілетінін ескертті.

«Құрметті Алматылықтар және қала қонақтары! Ертең біздің шаһарымызда үлкен спорттық оқиға – «Қайрат – Реал» халықаралық матчы өтеді. Алматы әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлерді қабылдауға дайын. Бұл біз үшін тек футбол мерекесі ғана емес, сондай-ақ Алматының шынайы келбетін – қонақжайлылықты, мәдениетті және бір-біріне деген құрметті көрсету мүмкіндігі. Алматы полициясы қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Қоғамдық тәртіпті қорғауға полиция қызметкерлері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері тартылған. Қала тұрғындары мен қонақтарын бұл уақытша шараларға түсіністікпен қарап, бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырамыз.Команданы бар ынтамен, бірақ мәдениетті түрде қолдаңыздар! Көшеде, стадионда және көлікте тәртіпті сақтаңыздар. Бірге тазалық пен мерекелік атмосфераны сақтайық. Сіздердің жауапты әрекеттеріңіз – Алматы мен Қазақстанның имиджіне қосқан үлес. Біз мақтана алатын қала екенімізді көрсетейік!» – делінген Полиция департаменті хабарламасында.