Қорқынышты жанрда түсірген қазақстандық "Кадет" фильмі "Оскар" сыйлығына ұсынылды
Қазақстанның Оскар комитеті "Кадет" фильмін Америкалық киноакадемия сыйлығына үміткер ретінде ұсынылды.
Қазақстанның Оскар комитеті 2026 жылы өтетін "Оскар" кинопремиясына ұсынылатын ұлттық фильмдерді іріктеуді аяқтады. Комитет мүшелерінің басым даусымен режиссер Әділхан Ержановтың "Кадет" атты көркем фильмі таңдалып, Қазақстанды "Үздік халықаралық толықметражды фильм" (Best International Feature Film) номинациясында таныстырмақ.
"Әскери училищеде қорқынышты сценариймен жұмыс істеп жүргенімде, көптеген компаниялар тым қараңғы және тым көркем болды деп мені қабылдамағаны есімде. Біздің көрермен әртүрлі фильмдерді қалайды. Біздің жанрларымыз – жаңашыл!", – деп жазады фильм режиссері.
Айта кетейік, фильмді 2024 жылы Tiger Film түсірген. Оның ұлттық премьерасы 2025 жылдың қаңтарында өтті. Ал халықаралық премьерасы Токио халықаралық кинофестивалінде өтті. "Кадет" Берлиналеде, Карловы Варыда және SXSW-де де көрсетіліп, кассада өзінің қарапайым бюджетін өтей алды.