Руханият

«КешYOU» тобы алматылық «Қайратты» қолдау мақсатында ән шығарды

Бұл ерекше музыкалық қолдауды жанкүйерлер жылы қабылдады.

Баян Алагөзова продюсерлік ететін «КешYOU» тобы алматылық «Қайрат» футбол клубының ойыншыларын қолдау мақсатында ән шығарды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Әншілер тректі тікелей стадионда жазып, олардың сахналық костюмдері команда ойыншыларының формасының элементтерімен безендірілген.

Бұл ерекше музыкалық қолдауды жанкүйерлер жылы қабылдады.

Желі қолданушылары «Креативті екен. Әні де, образдары да ерекше», «Осыдан кейін «Қайрат» міндетті түрде жеңуі керек», «Креатив шынында жоғары деңгейде. Қыздар, жарайсыңдар!», «КешYOU – ең үздіктер. Жеңіс біздікі болады!», - деп түрлі пікір білдіріп жатыр.