Спорт

Бүгін футболдан Әйелдер лигасының ХХІV туры өтеді

Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ХХІV турының ойындары өтеді.

Бұл турда «Томирис-Тұран» (Түркістан) мен БИІК (Шымкент) командалары шеберлік байқасады. Ел біріншілігінде екеуі де алғашқы үштікте келеді. БИІК клубы 64 ұпаймен екінші орында тұрса, «Томирис-Тұран» 56 ұпаймен үшінші орында келеді. 

Ойын кестесі:

«Оқжетпес» (Көкшетау) — «Қайсар» (Қызылорда)
«Жеңіс» (Астана) — «Елімай» (Семей)
«Жетісу» (Талдықорған) — «Тобыл» (Қостанай)
«Қызылжар» (Петропавл) — «Ақтөбе»
«Атырау» — «Ұлытау» (Жезқазған)
«Қайрат» (Алматы) — «Астана»
«Томирис-Тұран» (Түркістан) — БИІК (Шымкент).

Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбоспортл мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.