Руханият

Гүлнұр Мамасарипова құрбысы Баян Алагөзовамен қарым-қатынасын баяндады

“Келінжан” фильмінің продюсер, сценарист Гүлнұр Мамасарипова продюсер Баян Мақсатқызына қатысты пікір білдірді.

Медиа маманы құрбысымен бұрын дос болғанын қазір тек әріптес ретінде сыйлайтынын жеткізді. 

"Бір ғана нәрсе бар өкінетін: ол достықты сақтап қала алмадық. Қалғанының бәрі жай дүние, қалпына келетін еді. Маған да жұмыс табылды, ары қарай сериалдарымды түсіріп кеттім. Сондай бір нәзік нәрсені сындырып алдық. Сол ғана өкінетін нәрсе. Өмірде мұндай жағдай боолып тұратын шығар. Ренжісіп қалсаң кей адамдармен бір жерде көрісіп қаласың. Қал-жағдай сұрасып, әңгімелесіп кетесің. Ал ең жақын адамдармен мен неге баруым керек, мен бар сен бар деп жүріп біраз уақыт өтіп кетіпті. Әлі араласпаймыз солай", – деді продюсер. 

Сөзінше, бір кездері өзі бірінші қадам жасап, Баян Мақсатқызымен жолыққан. 

“Келінжан” толықметрлі киносын шығаратын кезде Баянға хабарластым. Арамыздағы кедергіні жойғым келді. Бір сағат сөйлесіп қайтамыз деп едім, 5-6 сағат отырдық. Бағым арқылы нөмерін сұрап, хабарластым. Ол да бірден келісіп, жолықтық. Сол кездесуімізде не үшін екі жаққа кеткеніміз маңызсыз болып қалды. Шүйіркелесіп отырып, шай іштік. Қашанғы өкпелеп жүре береміз?! Мен оның отбасын танимын. Марқұм Мақсат аға дүниеден озғанда көңіл айтып бардым. Өмірде тірі жүргесін көп нәрсені көресің”, – деді Гүлнұр.