
Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алматылық «Қайратқа» қарсы сырт алаңдағы ойынға аттанатын құрамын жариялады.
Кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
«Реалдың» жарияланған құрамы:
Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро;
Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес;
Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос;
Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.
Ұшып келу кестесі
Футболшылар 28 қыркүйек күні кешке Алматыға ұшып келеді. Олар Мадридтегі Адольфо Суарес атындағы Барахас халықаралық әуежайынан жергілікті уақытпен 13:30-да (Астана уақытымен 16:30) аттанып, әуеде шамамен 8 сағат 20 минут болады. Кестеге сәйкес, ұшақ Алматы әуежайына түнгі 00:50-де қонады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.