Айдос Сұлтанғалиға ай сайын миллион теңге стипендия тағайындалды
Мұны Қызылорда облысы әкімдігі мәлімдеді.
Грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали Қызылорда әкімдігі тарпынан ай сайын бір миллион теңге көлемінде мемлекеттік стипендия алады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. .
Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парағына жазды.
Бұл жерде Айдосқа лайықты құрмет көрсетіп жатқан өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев пен аймақ спортына жауапты Бақтияр Артаевтың еңбектерін ерекше атап өту керек. Құтты болсын! – дейді ол.