Қарақат Әбілдина әпкесін не үшін жек көргенін айтты
Әнші «1001 түн» бағдарламасына қонаққа келді.
«1001 түн» бағдарламасына ақын Қымбат Әбілдәқызы мен әнші Қарақат Әбілдина қонақ болды, – деп жазды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Қарақат Әбілдина жастайынан әпкесінің тәрбиесінде болған. Әнші кезінде оны қаталдығы үшін ұнатпағанын жасырмады. Ал қазір алғыс айтып, өмірде де, өнерде де үлгі болғанын жеткізді.
«Қымбат апайым қатал болды. Бұрын сол қаталдығы үшін жек көретінмін, бірақ қазір бәріне алғыс айтамын. Апайымның тәрбиесінің арқасында құндылығым мен ұстанымым қалыптасты. Өнердегі алғашқы қадамымда да продюсер болып, сұхбат беруге, ән айтуға, сахнада өнер көрсетуге жол ашты. Әрдайым демеп, қолдап отырғанын ешқашан ұмытпаймын», - деді Қарақат Әбілдина.