Әлеумет

Бишімбаев Нүкенованың өлімі туралы: "Тепе-теңдік ұстай алмай, унитаз жаққа құлады"

Бишімбаев ісіне қатысы сот отырысы өтіп жатыр

Экс-министр Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың қалай қайтыс болғанын айтты

 

«Ол маған балағат сөздер айта бастады. Мен де оны балағаттай бастадым. Сосын маған жұдырық ала жүгіріп, менің жейдемді жыртып жіберді. Мен оны ұстап, қабырғаға итеріп жібердім. "Сабыр сақта" дедім. Ол маған тағы келе жатқанда мен де оның жейдесін жыртып тастады. Ол ашуланды. Жейдесін шешіп тастады. Оның үстіндегі киімнің бәрі 8-інде түс кезінде концертке барар алдында сатып алынған еді. Маған лақтыра бастады. Мен оны шапалақпен ұрып жібердім, ол кейін шегінді. Бәрі тез болып кетті. Ол "шалбарымды шешемін" деді. Мен оны ұстап алдым. Ол маған арқасымен, бетімен унитаз жаққа қарап тұрып қалды, себебі мен оның шалбарынан ұстап қалдым. Ол шалбарын жұлқылап, шеше бастаған кезде жібере салдым. Ол мен шалбарын ұстап тұрады деп ойлаған болуы керек, тартып қалған кезде жібере салдым. Шалбары төмен түсіп кеткеннен кейін тепе-теңдік сақтай алмай, унитаз жаққа құлады. Басында оң жақта қабырғаға соғылып, артынша унитазға құлады. Қатты соққы алып, артынша жерге құлады», - дейді Бишімбаев.