Қоғам

Нұрлыбек Нәлібаев әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды марапаттады

Спортшыға Қызылорда қаласынан пәтер кілті мен көлік мінгізді.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғали мен бапкерін марапаттады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Спортшыға Қызылорда қаласынан пәтер кілтін табыстады. Сондай-ақ астына көлік мінгізді. Бапкері Ғабиден Райымбекке де пәтер сыйлады.

Айта кетейік, 2025 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 21 қыркүйекте ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Айдос Сұлтанғалиды әлем чемпионы атануымен құттықтады.