Руханият

Динара Майғазиева "дәстүрді бұзды" деп сынағандарға жауап берді

Тұсау баланың алдынан кесіледі.

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевтың қызы Айзияның тұсаукесер рәсімі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп жазады Oimaqnews.kz 

Сәбидің тұсауын өнердегі әріптесі Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева кесті. Айзияның жолы гүлден өрілген тұсаумен ашылды. Бұл сәттің видеосын Динараның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.

Тұсауың кесілген сәттен бастап өмірің гүлдей құлпырып, бақытқа толсын. Әрдайым ибалы да инабатты қыз болып, ата-анаңның үмітін ақтап, елдің сүйікті аруы бол! – деп жазды ол.

Алайда бұл жоралғы көпшіліктің көңілінен шыға қоймады. Желі қолданушылары:

«Тұсау әрқашан ішектен өріледі, гүлден емес»,
«Тұсауды баланың артынан кесу керек»,
«Танымал жандар дәстүрді бұрмалап жүр», - деген сыни пікірлер қалдырды.

Дегенмен Динара Майғазиеваның өзі үн қатып, Зейнеп Ахметованың «Күретамыр» кітабын мысалға келтірді:

Тұсау баланың алдынан кесіледі. Себебі бала артқа емес, алға қадам басады, – деп жауап берді.