Спорт

"Қайрат" -"Реал" матчы билет құнына байланысты министрлік жауап берді

Министрлік өкілдері бағаны реттеу өз құзырларына кірмейтінін атап өтті.

Сенат кулуарында ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы матч билетінің құнына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін бір билет бағасы 250 мың теңгеге дейін жететіні айтылған еді. Министрлік өкілдері бағаны реттеу өз құзырларына кірмейтінін атап өтті.

Бұл – нарық заңы. Жанкүйерлер бар, олар бағаға қарамастан билет алады. Себебі олар үшін футбол – өмірдің бір бөлігі. Сондықтан, егер адамның мүмкіндігі болса, ол бәрібір сатып алады, – деді Әмрин.

Сонымен қатар ол матч өтетін стадионның жағдайына қатысты сынға да жауап берді:

Мен бұл пікірмен келіспеймін. Біздің стадиондар талаптарға сай. Егер талаптарға сәйкес болмаса, мұндай ойын мүлдем өткізілмес еді. Әдетте мұндай матч алдында барлық стандарттарға сәйкестігі мұқият тексеріледі.

Айта кетейік, билет бағасы трибуналардың орналасуына қарай бөлінген:

Солтүстік және оңтүстік трибуналар – 75 мың теңге;

Шығыс трибуна – 150 мың теңге;

Батыс трибуна – 250 мың теңге;

Батыс трибуна (1-9 сектор, 1-2 қатар) – 30 мың теңге.

Еске сала кетсек, 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойынға билеттер ресми түрде сатылымға шықты.