Қостанайда медицина қызметкері ер адамды соққыға жықты
Қостанайда уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының (айықтырғыш) медицина қызметкері 61 жастағы ер адамды аяусыз ұрып-соққаны анықталды.
Оқиға салдарынан жәбірленушінің қабырғалары сынған, бүйрегі зақымдалып, кейін дәрігерлер оны алып тастауға мәжбүр болған, деп жазады baq.kz. Марқұмның қызы әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, әкесінің жағдайына қызметкердің әрекеті себеп болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жанжал темекі шегу кезінде басталған. Қостанай облысының полиция департаменті аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.