"Актриса болғанын қалаймын": Қайрат Нұртас қызының таңдауына қарсы емес екенін айтты
Өнер иесінің айтуынша, Алау өзіне ұқсаған өнерге жақын адам.
Танымал әнші Қайрат Нұртас қызы Алау туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Өнер иесінің айтуынша, Алау өзіне ұқсаған өнерге жақын адам екен.
«Алау өзіме ұқсаған. Ол – жаратын қыз. Өнерге тартып жатырмыз. Негізі қызымды шетелден көргім келеді. Бірақ оған Қазақстан ғана ұнайды. Ешқайда барғысы келмейді. Мен қызымның таңдауына қарсы емеспін. Негізі актриса болғанын қалаймын», – деді әнші.
Желі қолданушылары әкесінің қолдауына риза болып, жылы лебіздерін жазды.
«Қылықтары, биге иекемі Қайратқа ұқсайды», «Күшті актриса шығады Алаудан», «Әкесінің қолдауы керемет», «Жұлдыздың көшірмесі», - деп жазды олар.