Руханият

Мейрамбек қызының тұсауын кесті

Беспаевтар әулетінде той өтті.

Әнші Мейрамбек Бесбаев кенже қызының бір жасқа толған туған күнін тойлады. 

Өнер иесі жақындарын, әріптес, достарын шақырып, той жасап, сәбидің тұсауын кескен.

Алайда әншінің өзі бұл туралы әлеуметтік желіде жарияламады. Қуанышты сәт туралы әріптестері желідегі парақшасында бөлісіп, құттықтаған.

Айта кетейік, Мейрамбек Бесбаев кенже қызына Айзия деген есім қойған болатын.